Криптоайырбастау пункті деген не
Криптовалютаны өз бағамымен фиат ақшаға сатып алатын және сататын компания.
Биржадан айырмашылығы, пункт мәміленің екінші тарапы өзі болады: сіз USDT-ні компаниядан жарияланған бағаммен сатып аласыз.
Қазақстанда криптовалютаны теңгеге заңды түрде тек ҚРҰБ лицензиясы бар операторлар айырбастай алады. Олардың бағамын нақты уақытта Криптокурс салыстырады.